Мемлекеттік сот орындаушыларын нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 20 мамырдағы № 474 бұйрығы
2025 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабы 3-тармағына, «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 131-бабы 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сот орындаушыларын нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2026 жылғы 20 мамырдың
№ 474 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік сот орындаушыларын нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің
заттай нормалары
| Р/с № | Заттардың атауы | 1 адамға арналған заттар саны (дана) | 1 затты кию мерзімі (жыл) |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| Ерлердің нысанды киімі |
| 1. | Қара көк түсті фуражка | 1 | 5 |
| 2. | Ашық сұр түсті цигейкадан тігілген құлақшын | 1 | 3 |
| 3. | Қара көк түсті жылы күрте | 1 | 3 |