Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде Министр, Жауапты хатшы, Бірінші вице-министр және вице-министрлер арасында міндеттер мен өкілеттіктерді, құрылымдық бөлімшелерге жетекшілік етуді және өзара алмастыруды бөлу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 6 мамырдағы № 161 бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 26 тамыздағы № 272 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде Министр, Жауапты хатшы, Бірінші вице-министр және вице-министрлер арасында міндеттер мен өкілеттіктерді, құрылымдық бөлімшелерге жетекшілік етуді және өзара алмастыруды бөлу осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде Министр, Жауапты хатшы, Бірінші вице-министр және вице-министрлер арасында міндеттер мен өкілеттіктерді, құрылымдық бөлімшелерге жетекшілік етуді және өзара алмастыруды бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 9 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2020 жылғы 6 мамырдағы
№ 161 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде
Министр, Жауапты хатшы, Бірінші вице-министр және
вице-министрлер арасында міндеттер мен өкілеттіктерді,
құрылымдық бөлімшелерге
жетекшілік етуді және өзара алмастыруды бөлу
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі (01)
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
2) Министрліктің алқасын басқарады, агроөнеркәсіптік кешен саласында мемлекеттің аграрлық саясатын және мемлекеттік басым бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстардың бағыттарын айқындайды;
3) Министрліктің лауазымды адамдарының, құрылымдық бөлімшелерінің және жүйесінің қызметін жалпы үйлестіруді қамтамасыз етеді;