Введите номер документа
Прайс-лист

«Кадр қызметінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2026 жылғы 20 ақпандағы № 28 бұйрығы

Информация о документе
Датапятница, 20 февраля 2026
Статус
Действующийвведен в действие с 20 февраля 2026
Дата последнего измененияпятница, 20 февраля 2026

Кадр қызметінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2026 жылғы 20 ақпандағы № 28 бұйрығы

 

«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 9-бабының 15) тармақшасына сәйкес, БҰЙРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесі қызметкерлерінің қызметтік куәліктерінің, сондай-ақ зейнеткерлері куәліктерінің сипаттамалары;

2) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесі қызметкерлері мен зейнеткерлеріне қызметтік куәліктер мен куәліктер беру жөніндегі қағидалар бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрлық жұмыс департаменті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ол ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Бас Прокуроры

 

Б. Асылов

 

Қазақстан Республикасы

Бас Прокурорының

2026 жылғы 20 ақпандағы

№ 28 бұйрығына

1-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесі қызметкерлерінің қызметтік

куәлігінің сипаттамасы

 

1. Осы Қазақстан Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесі қызметкерлерінің қызметтік куәлігінің Сипаттамасы (бұдан әрі - Сипаттама) Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесі қызметкерлерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасын айқындайды.

Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлерінің қызметтік куәлігінің мұқабасы (бұдан әрі - қызметтік куәлік) осы Сипаттаманың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша күрең қызыл түсті жоғары сапалы былғарыдан жасалады. Ашық күйінде куәліктің өлшемі 210х70 мм болады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами