Босалқы жерлерді ядролық қауіпсіздік аймағының жеріне ауыстыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 қарашадағы № 1046 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Жер кодексі 13-бабының 3-4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Босалқы жерлерді ядролық қауіпсіздік аймағының жеріне ауыстыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2024 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгізіледі
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 28 қарашадағы
№ 1046 қаулысымен
бекітілген
Босалқы жерлерді ядролық қауіпсіздік аймағының жеріне ауыстыру
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Босалқы жерлерді ядролық қауіпсіздік аймағының жеріне ауыстыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Жер кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 13-бабының 3-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және босалқы жерлерді ядролық қауіпсіздік аймағының жеріне ауыстыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - атом энергиясын пайдалану саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) жер комиссиясы - облыстың, облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта) және ауданның жергілікті атқарушы органының жанындағы жер учаскелеріне құқық беру туралы (шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурс жеңімпазын айқындау туралы), жер учаскелерінің (елді мекендердің жерлерін қоспағанда) нысаналы мақсатын өзгерту туралы және су қорының жерін басқа санаттардағы жерге ауыстыру туралы өтініштерді (өтінімдерді) қарауға және қорытындыларды дайындауға арналған алқалы орган;