Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 Қаулысы
(2018.22.06. берілген толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 9 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
ҚР Үкіметінің 2018.22.06. № 365 Қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметiнiң
2017 жылғы 31 қазандағы
№ 689 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің
тізбесі
| 1. | Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы күні | - 10 қаңтар |
| 2. | Алғыс айту күні | - 1 наурыз |
| 3. | Жерге орналастыру, геодезия және картография күні | - наурыздың екінші сенбісі |
| 4. | Геолог күні | - сәуірдің бірінші жексенбісі |
| 5. | Ғылым қызметкерлері күні | - 12 сәуір |
| 6. | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күні | - 21 сәуір |
| 7. | Мәдениет және өнер қызметкерлері күні | - 21 мамыр |
| 8. | Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні | - 31 мамыр |
| 9. | Химия өнеркәсібі қызметкерлері күні | - мамырдың соңғы жексенбісі |
| 10. | Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні | - 4 маусым |
| 11. | Эколог күні | - 5 маусым |
| 12. | Полиция күні | - 23 маусым |
| 13. | Мемлекеттік қызметші күні | - 23 маусым |
| 14. | Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні | - маусымның екінші жексенбісі |
| 15. | Медицина қызметкері күні | - маусымның үшінші жексенбісі |
| 16. | Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні | - 28 маусым |