Нарық субъектiлерiн реттелетін нарықтардағы үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тiзiлiміне енгізу және одан алып тастау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 740 бұйрығы
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 78 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік Кодексінің 88-бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Нарық субъектiлерiн реттелетін нарықтардағы үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тiзiлiміне енгізу және одан алып тастау қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Нарық субъектілерін Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу және одан шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 262 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10816 нөмірмен тіркелген, 2015 жылғы 12 мамырда «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жарияланған);
2) «Нарық субъектілерін Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу және одан шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 262 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 552 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11908 нөмірмен тіркелген, 2015 жылғы 29 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: