ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидаларын бекіту туралы
(2023.12.04. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидалары бекітілсін.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Президенті | Қ. ТОҚАЕВ |
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 8 маусым
№ 912
ҚР Президентінің 2023.10.04. № 190 Жарлығымен бүкіл мәтін бойынша «мәслихатының хатшысына», «мәслихатының хатшысы», «мәслихаты хатшысының», «мәслихат хатшысы», «Мәслихат хатшысы» деген сөздер тиісінше «мәслихатының төрағасына», «мәслихатының төрағасы», «мәслихаты төрағасының», «мәслихат төрағасы», «Мәслихат төрағасы» деген сөздермен ауыстырылды (2023 ж. 12 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2022 жылғы 8 маусымдағы
№ 912 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер