Осы редакция 2016 жылғы 27 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 10 қазандағы
№ 3-3/517 бұйрығына
8-қосымша
Шошқаларды бағлау бойынша нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Шошқаларды бағалау бойынша нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) 2014 жылғы 9 шіледегі Қазақстан Республикасының «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заңының 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленіп шошқаларды бағалауды нақтылай түседі.
2. Шошқаларды бағалау бағалаушымен (сыныптаушы) жүргізіледі.
2. Шошқаларды бағалаудың ұйымдастыру
3. Шошқаларды бірдейлендіру жыл сайын өткізіледі. Малдардың дене бітімі, өсуі және өнімділігін бағалау туралы деректер жыл бойы жинақталады.
4. Қабандар, ана шошқалар және табынды толықтыратын торайлардың дене құрылысын бағалау шілде-қазан айларында өткізіледі.
5. Шошқаларды бірдейлендіру туралы есеп 01 қаңтардағы жағдай бойынша есеп беріледі.
6. Шкаланы құру кезінде барлық асыл тұқымдар өнімділік деңгейі мен бағытына байланысты үш топқа бөлінеді:
бірінші - ірі ақ, украиндық ақ дала, ұзынқұлақты ақ, латыштық ақ, литвалық ақ, сібірлік ақ, ливендік, кемеровтық, солтүстік-қазақстандық, муромдық, брейтовтық, қысқа құлақты ақ тұқымды және цивилдік, сібірлік қара-ала, белорустық қара-ала тұқымды шошқа топтары;
екінші - ландрас, эстондық, бекондық, дюрок, уржумдік, уэль шошқасы;
үшінші - миргородтық, украиндық қызыл дала, ірі қара, беркшир, семиречен, ақсайлық қара-ала шошқалар тобы.
7. Табынды толықтыратын торайлардың салмағы осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес тірілей 85-110 кг жеткенде бағаланады, қабырғасындағы өлшенген май қыртысы кеуде омыртқасы алтыншы-жетінші деңгейде.
8. Қабандар мен ана шошқалардың жетілуі денесінің ұзындығы мен салмағы бойынша зауыттық семіздік жағдайында бағаланады.
Малдар 1 кг дейін азықтандырудан алдын өлшенеді.