Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың жануарлар дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын, айырым белгілері бар (погондарсыз) нысанды киімді киюге құқығы бар жұмыскерлерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 25 ақпандағы № 18-04/128 бұйрығы
Осы редакция 2018 жылғы 2 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағының 50) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган мен аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың жануарлар дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын, айырым белгілері бар (погондарсыз) нысанды киім киюге құқығы бар жұмыскерлерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы | С. Омаров |
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 25 ақпандағы
№ 18-04/128 бұйрығымен
бекітілген