«Тұқым шаруашылығы саласында әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 20 қазандағы № 442 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 244 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тұқым шаруашылығы саласында әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 20 қазандағы № 442 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14452 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес тиісті жылға арналған ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша тұқымдардың себу сапасын растайтын зерттеулер мен берілген құжаттардың саны туралы мәліметтер;»;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттық егістерін сынақтан өткізу туралы мәліметтер.»;
көрсетілген бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және 10-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және 10-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі | Е. Карашукеев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы