Павлодар қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № 81/9 шешімі
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Павлодар қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Павлодар қалалық мәслихатының төрағасы | Қ. Кожин |
Павлодар қалалық
мәслихатының 2023 жылғы
24 қарашадағы
№ 81/9 шешіміне
қосымша
Павлодар қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2022 жылғы 7 сәуірдегі «Павлодар қалалық мәслихатының «Павлодар қаласы Павлодар ауылының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерің санын бекіту туралы» 2014 жылғы 02 шілдедегі № 282/39 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 132/18 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 166285 болып тіркелді);