Введите номер документа
Прайс-лист

«Мемлекеттік кірістер органына ұсынылатын цифрлық майнинг пулы цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтер нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 20 ақпандағы № 119 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

Информация о документе
Датапятница, 20 февраля 2026
Статус
Не введен в действиевводится в действие с 28 апреля 2026

Мемлекеттік кірістер органына ұсынылатын цифрлық майнинг пулы цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтер нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 20 ақпандағы № 119 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 56-бабының 10-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кірістер органына ұсынылатын цифрлық майнинг пулы цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтер нысаны бекітілсін.

2. «Цифрлық майнингтік пул цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында өзі бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтерді ұсыну нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 709 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32926 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларда көзделген іс-шаралардың орындалуы жөніндегі мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

 

М. Такиев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Стратегиялық жоспарлау және

реформалар агенттігінің

Ұлттық статистика бюросы

 

Қазақстан Реcпубликасының

Документ не введен в действие

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами