Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 14 шілдедегі № 782 бұйрығы
(2019.22.01. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2021 жылғы 4 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің қызметін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министр полиция генерал-лейтенанты | Қ. Қасымов |
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 7 қарашадағы
№ 782 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің қызметін жүзеге асыру
қағидалары
ҚР Ішкі істер министрінің 2019.22.01. № 47 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер