Мемлекеттік архивтер өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалар белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 12 ақпандағы № 37 бұйрығы
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 26 тамыздағы № 502-НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 2-тармағы 2-9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа:
1) 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві» республикалық мемлекеттік мекемесі;
2) 2-қосымшаға сәйкес «Орталық мемлекеттік архив» республикалық мемлекеттік мекемесі;
3) 3-қосымшаға сәйкес «Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар мен дыбыс жазбалары архиві» республикалық мемлекеттік мекемесі;
4) 4-қосымшаға сәйкес «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві» республикалық мемлекеттік мекемесі;
5) 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалар белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив ісі және құжаттама департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі | А. Раимкулова |