Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 26 мамырдағы № 340 бұйрығы
(2023.01.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2024 жылғы 11 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022.15.12. № 1286 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Қаржы министрінің 2021.23.02. № 140 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022.15.12. № 1286 бұйрығымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 120-1-бабы 2-тармағына, 120-2-бабының 2-тармағына және 120-3-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022.15.12. № 1286 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;