Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 10 сәуірдегі № 19/231 «Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2024 жылғы 10 қазандағы № 20/161 шешімі
Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 10 сәуірдегі № 19/231 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3583 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген «Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Жаңаөзен қалалық мәслихатының төрағасы | Г. Байжанов |
Жаңаөзен қалалық мәслихатының
2024 жылғы 10 қазандағы
№ 20/161 шешіміне қосымша
Жаңаөзен қалалық мәслихатының
2018 жылғы 10 сәуірдегі
№ 19/231 шешімімен бекітілген
«Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін
бағалаудың әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер