«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба, ақпараттандыру салаларындағы және байланыс, телерадио хабарларын тарату салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 88 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 21 қарашадағы № 407 бұйрығы
(2019.18.03. берілген өзгерістермен)
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № 314/НҚ бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2019.18.03. № 15/қе бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба, ақпараттандыру салаларындағы және байланыс, телерадио хабарларын тарату салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 88 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10493 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: