Кейбір бұйрықтардың және кейбір бұйрықтардың құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2025 жылғы 18 қарашадағы № 327-НҚ және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 25 қарашадағы № 124 бірлескен бұйрығы
«Құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың және кейбір бұйрықтардың құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі | С. Жумангарин |
| Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы | А. Бижанова |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу комитеті
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары
- Ұлттық экономика министрі
2025 жылғы 25 қарашадағы
№ 124 мен
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 18 қарашадағы
№ 327-НҚ бірлескен бұйрыққа
қосымша
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың және кейбір бұйрықтардың құрылымдық элементтерінің тізбесі