Алға ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 30 мамырдағы № 132 «Алға ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 21 сәуірдегі № 98 Қаулысы
Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алға ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 30 мамырдағы № 132 «Алға ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 28368 болып тіркелген) қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Алға ауданына бірыңғай сәулет келбетін беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Алға ауданы әкімі | А. Шуиншалиев |
Алға ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 21 сәуірдегі
№ 98 қаулысына қосымша
Алға ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 30 мамырдағы
№ 132 қаулысына қосымша
Алға ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер