«Психологиялық және әлеуметтік жұмыс» кәсіптік стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 292 бұйрығы
(2020.02.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2021 жылғы 23 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 117-бабының 2-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Психологиялық және әлеуметтік жұмыс» кәсіптік стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту және болжамдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілернің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Е.Ж. Жылқыбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі | Б. Сапарбаев |
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты