Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2024 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 479 бұйрығына 4-қосымша
«Мұнай бойынша тауар-көлік операциялары»
кәсіптік стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Кәсіптік стандарттың қолдану аясы:
Осы стандартқа сәйкес келетін мамандар мұнайды тасымалдауды ұйымдастырумен және бақылаумен, мұнай өнімдерін қабылдау, тиеу, сақтау және тасымалдау бойынша операцияларды орындаумен айналысады. Осы КС-пен байланысты экономикалық қызметке мұнай өнімдерінің нарыққа уақтылы және қауіпсіз жеткізілуін қамтамасыз ету үшін логистика, қоймалау, кедендік ресімдеу және көлік ағындарын басқару кіреді.
2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер, анықтамалар мен қысқартулар қолданылады:
1) білім - кәсіби тапсырма шеңберінде іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті зерттелген және игерілген ақпарат;
2) дағды - кәсіби тапсырманы толығымен орындауға мүмкіндік беретін білім мен дағдыларды қолдану мүмкіндігі;
3) машық - кәсіби міндет шеңберінде жеке бірлік іс-әрекеттерді физикалық және (немесе) ақыл-оймен орындау қабілеті;
4) мұнай мөлшері мен сапа көрсеткіштерін өлшеу жүйесі - өлшеу түрлендіргіштерінің, өлшеу көрсететін аспаптарының, ақпаратты өңдеу жүйесінің, технологиялық жабдықтардың функционалдық біріктірілген жиынтығы: - тікелей немесе жанама динамикалық өлшеу әдісімен мұнайдың брутто массасын өлшеу; - мұнайдың технологиялық және сапалық параметрлерін өлшеу; - өлшеу нәтижелерін бейнелеу (индикация) және тіркеу;
5) мұнайды қабылдау-тапсыру пункті (МҚТП, қабылдау-тапсыру пункті) - мұнайдың санын есепке алу және сапасын бағалау жөніндегі, қабылдайтын және тапсыратын тараптардың есептік операцияларды орындайтын пункті;
6) өнім - тасымалдауға дайындалған және тиісті өнім түрі бойынша техникалық регламенттерге сәйкес келетін, тұрақты (тұрақты емес) газ конденсатын, табиғи газды, ілеспе газды, басқа да сұйық және газ тәріздес көмірсутектерді, мұнай өнімдерін қоса алғандағы мұнай;