«Мұнай мен газды сақтау және тасымалдау» бағыты бойынша мұнай-газ саласындағы кәсіптік стандарттарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 479 бұйрығы
(2025.01.11. берілген өзгерістермен)
«Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Авариялық-қалпына келтіру жұмыстары» кәсіптік стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Мұнайды қабылдау, сақтау және жеткізу» кәсіптік стандарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Мұнайды жолдық ысыту» кәсіптік стандарты;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Мұнай бойынша тауар-көлік операциялары» кәсіптік стандарты;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Технологиялық жабдықтарды пайдалану және жөндеу» кәсіптік стандарты;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Магистральдық құбырларды пайдалану» кәсіптік стандарты;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Құбыр көлігіндегі коррозияға қарсы қорғаныс (Коррозиядан қорғау)» кәсіптік стандарты;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Мұнай тасымалдауды басқару» кәсіптік стандарты;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Газды қабылдау, сақтау және босату» кәсіптік стандарты;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес «Газды қабылдау, сақтау және сату» кәсіптік стандарты;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес «Компрессорлық станцияны пайдалану және жөндеу» кәсіптік стандарты;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес «Газ тарату құбырларын пайдалану және жөндеу» кәсіптік стандарты;
13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес «Газ бойынша тауар-көлік операциялары» кәсіптік стандарты;
14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес «Газ тасымалдауды басқару» кәсіптік стандарты;