Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2024 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 479 бұйрығына 8-қосымша
«Мұнай тасымалдауды басқару»
кәсіптік стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Кәсіптік стандарттың қолдану аясы:
Бұл КС «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін тасымалдау саласында қолданылады. Ол теңіз, өзен, теміржол және автомобильді қоса алғанда, көліктің әртүрлі түрлерімен мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау процестерін ұйымдастыру және басқарумен байланысты экономикалық қызмет түрлерін қамтиды.
2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер, анықтамалар мен қысқартулар қолданылады:
1) білім - кәсіби тапсырма шеңберінде іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті зерттелген және игерілген ақпарат;
2) дағды - кәсіби тапсырманы толығымен орындауға мүмкіндік беретін білім мен дағдыларды қолдану мүмкіндігі;
3) жөндеу - магистральдық құбырдың және (немесе) оның объектілерінің желілік бөлігінің толық немесе ішінара пайдалану ресурсының жарамдылығын немесе жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар (операциялар) кешені;
4) құбыр - газ тәрізді және сұйық заттарды тасымалдауға арналған инженерлік-техникалық құрылым;
5) магистральдық құбыр - техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес келетін өнімді қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ететін желілік бөліктен және объектілерден тұратын бірыңғай өндірістік-технологиялық кешен;
6) магистральдық құбырды пайдалану - техникалық қызмет көрсетуді, жөндеуді, техникалық диагностикалауды және жедел-диспетчерлік басқаруды қоса алғанда, магистральдық құбырдың үздіксіз, тиісті және тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті қызмет;
7) машық - кәсіби міндет шеңберінде жеке бірлік іс-әрекеттерді физикалық және (немесе) ақыл-оймен орындау қабілеті;