Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2024 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 479 бұйрығына 7-қосымша
«Құбыр көлігіндегі коррозияға қарсы қорғаныс (Коррозиядан қорғау)»
кәсіптік стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Кәсіптік стандарттың қолдану аясы:
«Құбыр көлігіндегі коррозияға қарсы қорғаныс (Коррозиядан қорғау)» кәсіптік стандарты «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және мұнай-газ саласында қолданылады. Осы стандартқа сәйкес келетін мамандар мұнай және газ өндірісінде, құбыр көлігінде, теңіз платформаларында және мұнай-газ саласындағы басқа да инфрақұрылым объектілерінде коррозияның алдын алу және бақылаумен айналысады. Осы КС-пен байланысты экономикалық қызметке мұнай және газ қондырғыларының тиімділігі мен қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін коррозиядан қорғау жүйелерін жобалау, орнату, пайдалану және техникалық қызмет көрсету кіреді.
2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер, анықтамалар мен қысқартулар қолданылады:
1) білім - кəсіби тапсырма шеңберінде іс-əрекеттерді орындау үшін қажетті зерттелген жəне игерілген ақпарат;
2) дағды - кəсіби тапсырманы толығымен орындауға мүмкіндік беретін білім мен дағдыларды қолдану мүмкіндігі;
3) жөндеу - магистральдық құбырдың және (немесе) оның объектілерінің желілік бөлігінің толық немесе ішінара пайдалану ресурсының жарамдылығын немесе жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар (операциялар) кешені;
4) қорғаныс жабыны жүйесі - бұл әр қабат белгілі бір функцияны орындайтын көп қабатты жабын;
5) машық - кəсіби міндет шеңберінде жеке бірлік іс-əрекеттерді физикалық жəне (немесе) ақыл-оймен орындау қабілеті;
6) металдардың коррозиясы - металдар тотығатын немесе оларға тән қасиеттерін жоғалтатын сыртқы ортамен химиялық немесе электрохимиялық өзара әрекеттесу салдарынан металдар мен қорытпалардың бұзылуы;
7) техникалық диагностика - құбырдың техникалық жай-күйін анықтауға арналған жұмыстар мен ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар кешені;