Су қорын қорғау мен пайдалану саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік бақылау жасайтын құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын су қорын қорғау мен пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2025 жылғы 21 мамырдағы № 95-НҚ бұйрығы
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 54-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Су қорын қорғау мен пайдалану саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік бақылау жасайтын құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын су қорын қорғау мен пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу ережелері осы бұйрықтың қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылдың 10 маусымынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми түрде жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушы | Н. Алдамжаров |
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
министрінің міндетін атқарушысының
2025 жылғы 21 мамырдағы
№ 95-НҚ бұйрығына қосымша
Су қорын қорғау мен пайдалану саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік бақылау жасайтын құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын су қорын қорғау мен пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу
ережелері