Шалқар ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 276 Қаулысы
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 26 қарашадағы № 299 Қаулысымен 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 529-бабының 6-тармағына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шалқар ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Шалқар ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны, оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шалқар ауданы әкімінің орынбасары Ж.Жидехановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Шалқар ауданы әкімі орынбасары | Ж. Жидеханов |
КЕЛІСІЛДІ:
«Шалқар ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Н. Қоблашова
« » қараша 2019 жыл