Введите номер документа
Прайс-лист

«Педагог мәртебесі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, мұғалім мен оқушыға жүктемені төмендету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 13-ө өкімі

Информация о документе
Датавторник, 28 января 2020
Статус
Действующийвведен в действие с 28 января 2020
Дата последнего изменениявторник, 28 января 2020

«Педагог мәртебесі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, мұғалім мен оқушыға жүктемені төмендету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 13-ө өкімі

 

1. Қоса беріліп отырған «Педагог мәртебесі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, мұғалім мен оқушыға жүктемені төмендету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары:

1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті мәслихаттарға енгізсін;

2) тізбеге сәйкес тиісті құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.

4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тоқсан қорытындысы бойынша ұсынылған ақпаратты жинақтасын және есептік тоқсаннан кейінгі Үкіметін хабардар етсін.

 

 

Премьер-Министр

А. Мамин

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

2020 жылғы 28 қаңтардағы

№ 13-ө өкімімен

бекітілген

 

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом