Метеорологиялық ақпаратты дайындаушылардың мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 29 маусымдағы № 219 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 165-бабы 4-тармағының үшінші абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Метеорологиялық ақпаратты дайындаушылардың мемлекеттік тізілімін жүргізудің қоса беріліп отырған қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық саясат және тұрақты даму департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
| Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. | А. Примкулов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің м.а.
2021 жылғы 29 маусымдағы
№ 219 бұйрығымен
бекітілген
Метеорологиялық ақпаратты дайындаушылардың мемлекеттік тізілімін жүргізу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер