2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Қызылорда облыстық мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 72 шешімі
(2022.04.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2022 жылғы 11 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасы Кодексінің 75-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Қызылорда облыстық мәслихатының 2022.04.05. № 106 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 438 636 103,6 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 31 563 191,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 3 565 073,1 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 9 476,0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 403 498 363,5 мың теңге;
2) шығындар – 445 911 065,2 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – -5 988 131,9 мың теңге;
бюджеттік кредиттер – 6 809 960,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 12 798 091,9 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 998 061,5 мың теңге;
қаржы активтерін сатып алу – 998 061,5 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -2 284 891,2 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 2 284 891,2 мың теңге.
2. 2022 жылға арналған аудандар мен Қызылорда қаласының бюджеттерінен облыстық бюджетке кірістерді бөлу нормативтері төмендегідей болып белгіленсін:
1) 101.201 «Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы» және 101.205 «Төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы» кодтары бойынша бюджеттерінен:
Арал ауданынан – 50%;
Қазалы ауданынан – 50%;
Қармақшы ауданынан – 50%;
Жалағаш ауданынан – 50%;
Сырдария ауданынан – 50%;
Шиелі ауданынан – 50%;
Жаңақорған ауданынан – 50%;
Қызылорда қаласынан – 90%;