ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
«Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 522 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 522 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Президенті | Қ. ТОҚАЕВ |
Астана, Ақорда, 2025 жылғы 10 маусым
№ 904
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2025 жылғы 10 маусымдағы
№ 904 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2021 жылғы 26 ақпандағы
№ 522 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы:
«адамға бағдарланған» «Ең алдымен адамдар» моделін құру
Мазмұны
1-бөлім. Паспорт
2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау
3-бөлім. Халықаралық тәжірибені шолу
4-бөлім. Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту пайымы
5-бөлім. Адамдарға бағдарланған мемлекеттік басқарудың жаңа моделін қалыптастыру жөніндегі негізгі қағидаттар мен тәсілдер
6-бөлім. Нысаналы индикаторлар мен күтілетін нәтижелер
1-бөлім. Паспорт
| Атауы | Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы: «адамға бағдарланған» «Ең алдымен адамдар» моделін құру |