Введите номер документа
Прайс-лист

«Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 19 ақпандағы № 1/1-320 Қаулысы (2025.10.11. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датасреда, 19 февраля 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 19 февраля 2025
Дата последнего измененияпонедельник, 10 ноября 2025

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 19 ақпандағы № 1/1-320 Қаулысы

(2025.10.11. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, «Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 5 ақпандағы № 32.1-32.01/808-И хаты негізінде Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Алматы қаласы, Наурызбай, Алатау, Әуезов, Медеу және Жетісу аудандары, Ахрименко көшесінен Алтын Орда көшесіне дейін, Жетісу көшесінен Пушкин көшесіне дейін орналасқан жер учаскелерін Райымбек даңғылын қайта жаңарту, жүріс бөлігін қайта ұйымдастыра отырып, жылдам жүретін қоғамдық көлік (BRT) желісін салу, сондай-ақ жаяу жүргіншілер аймақтарын, көпірлер мен велосипед жолдарын абаттандыру үшін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті осы қаулының қосымшасына сәйкес мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.

2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2028 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленсін.

3. Меншік иелері жүгінетін орын Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 155, 6-қабат, 602-кеңсе болып белгіленсін.

4. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

5. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1) заңнамамен белгіленген тәртіпте меншік иелерін хабардар етсін және меншік иелеріне жер учәскесінің өтемақысын төлеуді қамтамасыз етсін;

2) жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскесін «Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берсін;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами