Фильмдерге прокаттауға дейінгі сараптаманы жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 1 маусымдағы № 262-НҚ бұйрығы
«Кинематография туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Фильмдерге прокаттауға дейінгі сараптаманы жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі | А. Балаева |
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Мәдениет және ақпарат министрі
2026 жылғы 1 маусымдағы
№ 262-НҚ бұйрығымен
бекітілген
Фильмдерге прокаттауға дейінгі сараптаманы жүргізу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Фильмдерге прокаттауға дейінгі сараптаманы жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Кинематография туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабының 5-1-тармағына сәйкес әзірленді және фильмдерге прокаттауға дейінгі сараптама жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар: