Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 359 қаулысы
Осы редакция 2017 жылғы 17 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағынның 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімінің міндетін атқарушы | С. Әбденов |
Келісілді:
| «Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы» мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушы | М. Вагапова |
| «Зайсан-Ертіс облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бастығы | М. Қабдығали |
Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы
№ 359 қаулысымен
бекітілді
Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының
тізбесі
| р/с | Су тоғанының атауы | Көлемі, гектар | Тұрпаты |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 1. Бесқарағай ауданы |
| 1) | Долон көлі | 90,0 | табиғи |
| 2) | Галечное-1 көлі | өлшенбеген | табиғи |
| 3) | Галечное-2 көлі | өлшенбеген | табиғи |
| 4) | Бірлік кентіндегі Кривое-1 көлі | 10,0 | табиғи |
| 5) | Шошқалы көлі | 630,0 | табиғи |
| 2. Бородулиха ауданы |
| 1) | Андроновка ауылындағы тоған | 6,0 | жасанды |
| 2) | Бек-Карьер ауылындағы тоған | 4,0 | жасанды |
| 3. Глубокое ауданы |
| 1) | Бражинский бұлағындағы су қоймасы | 1,5 | жасанды |
| 2) | Белоусовка кентінің Глубочанка өзеніндегі су қоймасы | 55,0 | жасанды |
| 3) | Жуковка бұлағындағы су қоймасы | 27,9 | жасанды |