«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 19 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 4 қарашадағы № 179-ө Өкімі
1. Қоса беріліп отырған қабылдануы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 19 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне белгіленген тәртіппен бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;
3) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген Заңды іске асыру жөніндегі жиынтық ақпаратты талдап, қорытындыласын және ай сайын, 5-і күнінен кешіктірмей жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2025 жылғы 4 қарашадағы
№ 179-ө өкімімен
бекітілген