«Электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 44/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 2026 жылғы 8 шілдедегі № 395/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 44/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 2 мамырда № 44/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16857 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Цифрлық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасының жұмыс істеу қағидаларын, аса маңызды цифрлық объектілердің цифрлық ресурстарын резервтік кешіру кезеңділігін бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Киберқауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Цифрлық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасының жұмыс істеу қағидаларын, аса маңызды цифрлық объектілердің цифрлық ресурстарын резервтік кешіру кезеңділігі бекітілсін.»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Цифрлық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасының жұмыс істеу қағидаларын, аса маңызды цифрлық объектілердің цифрлық ресурстарын резервтік кешіру кезеңділігі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: