Электр энергетикасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 26 тамыздағы № 290 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 78 бірлескен бұйрығы
(2023.27.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2025 жылғы 22 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Энергетика министрінің 2022.30.12. № 449 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2022.30.12. № 140 бірлескен бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5, 6-тармақтарына, 143-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес электр энергетикасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес электр энергетикасы саласындағы энергия өндіруші ұйымдарға қатысты тексеру парағы;
3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес электр энергетикасы саласындағы энергия беруші ұйымдарға қатысты тексеру парағы;
4) осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес электр энергетикасы саласындағы энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға қатысты тексеру парағы;
5) осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға электр энергетикасы саласындағы жеке және заңды тұлғаларға қатысты тексеру парағы;
6) осы бірлескен бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес электр энергетикасы саласындағы энергетикалық сараптаманы жүзеге асыратын сараптама ұйымдарына қатысты тексеру парағы;
7) осы бірлескен бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес электр энергетикасы саласындағы орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын қазандықтарға қатысты тексеру парағы бекітілсін.
2. Осы бірлескен бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.