Салық салу объектісінің Атбасар ауданының елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы
Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № а-11/438 Қаулысы
(2024.01.01. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2025 ж. 23 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 529-бабының 6-тармағына сәйкес, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Салық салу объектісінің Атбасар ауданының елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау осы сұраққа жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Атбасар ауданының әкімі | А. Калжанов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік
кірістер комитеті Ақмола облысы
бойынша Мемлекеттік кірістер
департаментінің Атбасар ауданы
бойынша Мемлекеттік кірістер
басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Е.А. Михалкин
2020 жыл
Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2023.29.11. № а-11/336 Қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 30 қарашадағы
№ а-11/438 қаулысына
1 қосымша
Салық салу объектісінің Атбасар ауданының Атбасар қаласында орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері
| № | Атбасар ауданының Атбасар қаласында салық салу объектісінің орналасуы | Аймаққа бөлу коэффициенті |