Кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұл бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2010 жылғы 17 шілдедегі № 357 бұйрығы
Осы редакция 2015 жылғы 4 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 159-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұл бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама нысаны бекітілсін.
2. «Берешекті және өсімпұлды өтеу туралы хабарламаның нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2006 жылғы 16 маусымдағы № 215 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4284 болып тіркелген, 2006 жылғы 18 тамыздағы № 151 «Заң газетте» жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті осы бұйрықты бекітілген заңнама тәртібінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасына жүктелсін.
5. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министрдің міндетін атқарушы | А. Шоқпытов |
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің м.а.
2010 жылғы 16 шілдедегі
№ 357 бұйрығымен
бекітілген
Нысан
Кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұл бойынша берешекті өтеу туралы
Хабарлама
«____»________ 20 ____ ж. № _______
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 159-бабына сәйкес
______________________________________________________________________________________________________________________
(кеден органының атауы)
Сізді __________________________________________________________________________________________________________________
(тегі, есімі, әкесінің аты немесе төлеушінің толық атауы