Арқалық қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы
Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 77 шешімі
(2024.15.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 20 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 75-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 - бабы 1 - тармағының 1) тармақшасына сәйкес Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2024.15.03. № 94 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Арқалық қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 10430869,7 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 3027453,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 28518,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 114200,0 мың теңге;
трансферттер түсімі бойынша - 7260698,7 мың тенге, оның ішінде субвенциялардың көлемі - 554078,0 мың теңге;
2) шығындар - 10206672,9 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 38261,0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 51688,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 13427,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 392000,0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 392000,0 тысяч теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -206064,2 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 206064,2 мың теңге:
қарыздар түсімі - 51688,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 13427,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 167803,2 мың теңге.
Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2024.15.03. № 94 шешімімен 2-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. 2024 жылға арналған қала бюджетінде республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер көлемі 4716977,3 мың теңге сомасында көзделгені ескерілсін.