ҚР СТ ИСО 5068-2-2009
Қоңыр көмір және лигниттер
Ылғалдың мөлшерін анықтау
2-бөлім. Аналитикалық сынамадағы ылғалды анықтаудың жанама гравиметриялық әдісі
ISO 5068-2:2007 Brown coals and lignites.
Determination of moisture content.
Part 2. Indirect gravimetric method for moisture in the analysis sample (IDT)
Мазмұны
Кіріспе
1. Қолданылу саласы
2. Нормативтік сілтемелер
3. Терминдер, анықтамалар және белгілеулер
4. Әдістің мәні
5. Реактивтер
6. Аппаратура
7. Көмір сынамасын іріктеу және дайындау
8. Сынақ жүргізу
9. Сынақ нәтижелерін өңдеу
10. Прецизиондық
11. Сынақ хаттамасы
А қосымшасы (ақпараттық) Азотты тазартуға арналған жүйе
Д.А қосымшасы (ақпараттық) Терминдер мен белгілеулерге түсінік
Д.Б қосымшасы (ақпараттық) Сынақ хаттамасын рәсімдеу үлгісі
Кіріспе
ISO 5068 «Қоңыр көмір және лигниттер. Ылғалдың мөлшерін анықтау» деген жалпы атаумен мынадай бөлімдерден тұрады:
- 1-бөлім: Жалпы ылғалды анықтаудың жанама гравиметрлік әдісі
- 2-бөлім: Аналитикалық сынамадағы ылғалды анықтаудың жанама гравиметрлік әдісі.
Осы стандарт терминдер мен белгілеулерге берілген түсініктер мен сынақ хаттамасын рәсімдеу үлгісі келтірілген ақпараттық сипаттағы Д.А және Д.Б қосымшаларымен толықтырылды.
1. Қолданылу саласы
Осы стандарт қоңыр көмірге және лигниттерге таралады және аналитикалық сынамадағы ылғалды анықтаудың жанама гравиметриялық әдісін белгілейді.
ЕСКЕРТПЕ. Аналитикалық сынамадағы ылғалды аналитикалық ылғал деп атауға рұқсат етіледі.
Стандарт кокс өндірушілер мен тұтынушылардың, мемлекеттік органдардың, сәйкестікті растау бойынша органдардың және сынақ зертханаларының, ғылыми-зерттеу ұйымдарының, кокспен жұмыс істейтін басқа да заңды және жеке тұлғалардың қолдануы үшін арналған.
2. Нормативтік сілтемелер
Осы стандартты қолдану үшін мынадай нормативтік сілтемелік құжаттар қажет:
ҚР СТ 2.4-2007 Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз етудің жүйесі. Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру. Ұйымдастыру және жүргізу тәртібі