Текелі қалалық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы «Текелі қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 26-122 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жетісу облысы Текелі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 қарашадағы № 37-153 шешімі
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Текелі қалалық мәслихатының «Текелі қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 26-122 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 206169 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған қала бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер 9 871 466 мың теңге:
салықтық түсімдер 1 575 115 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 17 678 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 356 000 мың теңге;
трансферттер түсімі 7 922 673 мың теңге;
2) шығындар 9 910 703 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу 404 647 мың теңге:
бюджеттік кредиттер 435 248 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 30 601 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профицитi) (-) 443 884 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) 443884 мың теңге:
қарыздар түсімі 435 248 мың теңге;
қарыздарды өтеу 372 698 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 381 334 мың теңге».
2. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Текелі қалалық мәслихатының төрағасы | Б. Тугулбаев |
Текелі қалалық мәслихатының
2025 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 37-153 шешіміне қосымша
Текелі қалалық мәслихатының
2024 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 26-122 шешіміне 1-қосымша
2025 жылға арналған қала бюджеті
| Санаты | Сомасы |
| Сыныбы | (мың |
| Ішкі сыныбы Атауы | теңге) |
| | | | 1. Кірістер | 9 871 466 |
| 1 | | | Салықтық түсімдер | 1 575 115 |