Жобалау саласында консультациялық қызметтер көрсетудің тәртібі мен құнын айқындайтын қағидаларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 264 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Құрылыс Кодексі 24-бабының 37) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған жобалау саласында консультациялық қызметтер көрсетудің тәртібі мен құнын айқындайтын қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
5. Қағидалардың 23-тармағының 2) тармақшасы 2028 жылғы 1 шілдеден бастап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«2) сертификатты көрсете отырып, бөлімнің (бөлімдердің) атауы, мемлекеттік сараптама ұйымы немесе сараптама ұйымы қызметкерінің (қызметкерлерінің) - сарапшының (-лардың) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);».
| Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі | Е. Нагаспаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және
құрылыс министрінің
2026 жылғы 29 мамырдағы
№ 264 бұйрыққа
1-қосымша