Введите номер документа
Прайс-лист

«Қорғаныстық зерттеулерді қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 403 бұйрығы (2024.29.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Информация о документе
Датавторник, 1 августа 2017
Статус
Действующийвведен в действие с 26 сентября 2017
Дата последнего измененияпонедельник, 29 апреля 2024

Қорғаныстық зерттеулерді қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 403 бұйрығы

(2024.29.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Қорғаныс министрінің 2024.12.04. № 359 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 29 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырғанҚорғаныстық зерттеулерді қаржыландыру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3) бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

ҚР Қорғаныс министрінің 2024.12.04. № 359 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 29 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом