ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018.12.01. № 23 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.25.07. № 547 бұйрығымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 529 бұйрығына
4-қосымша
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 13 мамырдағы № 286 бұйрығымен күші жойылды
«Кiрме жолдарды және жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарға жалғасатын жолдарды салуға келісу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2019.25.07. берілген өзгерістермен)
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. «Кірме жолдарды және жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарға жалғасатын жолдарды салуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының облыстық филиалдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-бөлім. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 5 (бес) жұмыс күні.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - кiрме жолдарды және жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарға жалғасатын жолдарды салуға техникалық шарт (бұдан әрі - техникалық шарт) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.