Введите номер документа
Прайс-лист

«Оңайлатылған іс жүргізуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а 2024 жылғы 16 тамыздағы № 697 бұйрығы

Информация о документе
Датапятница, 16 августа 2024
Статус
Действующийвведен в действие с 20 августа 2024
Дата последнего измененияпятница, 16 августа 2024

Оңайлатылған іс жүргізуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а 2024 жылғы 16 тамыздағы № 697 бұйрығы

 

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 5-тармағына, 167-бабының 11) тармақшасының он бірінші абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Оңайлатылған іс жүргізуді жүзеге асыру қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрлеріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2024 жылғы 20 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

 

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің міндетін атқарушы

 

Л. Мерсалимова

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің міндетін атқарушы

2024 жылғы 16 тамыздағы

№ 697 бұйрығына

қосымша

 

 

Оңайлатылған іс жүргізуді жүзеге асыру

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы оңайлатылған іс жүргізуді жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-1-бабының 5-тармағына, 167-бабының 11) тармақшасының он бірінші абзацына сәйкес әзірленген және оңайлатылған іс жүргізуді жүзеге асыру тәртібін белгілейді.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - АІЖМААЖ) - атқарушылық іс жүргізуді есепке алуды электрондық нысанда жүзеге асыруға, сот орындаушысының процестік әрекеттерін автоматтандыруға, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу тараптарының атқарушылық іс жүргізу барысында деректер алуына арналған ақпараттық жүйе;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом