Объектілерді салуға арналған жобалар (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама) бойынша сараптама қорытындыларын ресімдеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 305 бұйрығы
Осы редакция 2015 жылғы 2 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 11-3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Объектілерді салуға арналған жобалар (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама) бойынша сараптама қорытындыларын ресімдеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 2 сәуірдегі
№ 305 бұйрығымен
бекітілген
Объектілерді салуға арналған жобалар (техникалық-экономикалық негіздемелер және
жобалау-сметалық құжаттама) бойынша сараптама қорытындыларын ресімдеу
қағидалары
1. Жалпы ережелер