Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органының қызметкерін белгіленген үлгідегі киіммен қамтамасыз ету, оны киіп жүру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 27 ақпандағы № 51-НҚ бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

Информация о документе
Датапятница, 27 февраля 2026
Статус
Не введен в действиевводится в действие с 22 марта 2026

Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органының қызметкерін белгіленген үлгідегі киіммен қамтамасыз ету, оны киіп жүру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 27 ақпандағы № 51-НҚ бұйрығы

 

«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-15-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органының қызметкерін белгіленген үлгідегі киіммен қамтамасыз ету қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органы қызметкерінің белгіленген үлгідегі киімді киіп жүру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (Н.Ж. Оспанова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрық қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

Ж. Сүлейменова

 

Қазақстан Республикасы

Оқу-ағарту министрі

Документ не введен в действие

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами