Тәуелсіз сараптама комиссиясының құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 449 бұйрығы
Осы редакция 2015 жылғы 28 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Кадрлық өзгерістерге байланысты және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларының 20-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Тәуелсіз сараптама комиссиясының құрамы бекітілсін.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті (Ж.Қ. Шаймарданов) «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-мен (Г.С. Нығыметов) бірлесе отырып, «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлерді іріктеу үшін тәуелсіз сараптама комиссиясы отырысының өткізілуін ұйымдастырсын.
3. «Тәуелсіз сараптама комиссиясының құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 26 маусымдағы № 252 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2014 жылғы 30 қазандағы
№ 449 бұйрығына қосымша
Тәуелсіз сараптама комиссиясының құрамы
| Балықбаев Такир Оспанұлы | - | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі, төраға |
| Шаймарданов Жасұлан Құдайбергенұлы | - | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры, төрағаның орынбасары |
| Нығыметов Ғани Сактағанұлы | - | «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамының президенті, төрағаның орынбасары (келісім бойынша) |