«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 118 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 177 Қаулысы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексiнiң 18-бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 118 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 4550, 2016 жылғы 27 маусымдағы № 68 (17308) «Дидар», 2016 жылғы 9 маусымдағы № 68 (19820) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулыға 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
аталған қаулыға 2-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
аталған қаулыға 3-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
аталған қаулыға 4-қосымша осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Шығыс Қазақстан облысының әкімі | Д. Ахметов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының хатшысы
В. Головатюк
2017 жылғы «___» __________
Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2017 жылғы 17 шілдедегі
№ 177 қаулысына
1-қосымша
Шығыс Қазақстан облысы