Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖАНУАРЛАРДЫҢ ШЕКТЕУ ІС-ШАРАЛАРЫ НЕМЕСЕ КАРАНТИН БЕЛ...

Информация о документе
Датасреда, 28 марта 2018
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясреда, 28 марта 2018

Жануарлардың шектеу іс-шаралары немесе карантин белгіленетін жұқпалы ауруларының тізбелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 18-03/128 бұйрығы

 

Осы редакция 2018 жылғы 21 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Бекітілсін:

1) Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Жануарлардың карантин белгіленетін жұқпалы ауруларының тізбесі;

2) Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Жануарлардың шектеу іс-шаралары белгіленетін жұқпалы ауруларының тізбесі.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр 

А. Мамытбеков

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2012 жылғы 28 наурыздағы

№ 18-03/128 бұйрығына

1-қосымша

 

 

Карантин белгіленетін жануарлардың жұқпалы ауруларының

тізбесi

 

Әртүрлі түліктерге ортақ аурулар: сібір жарасы, аусыл, шешек (сиыр, жылқы, шошқа шешегінен басқа), Ауески ауруы, риккетсиоздар және экзотикалық аурулар.

Күйістілердің аурулары: сиырдың обасы, сиырдың жұғымтал плевропневмониясы, қарасан, түйе обасы, кебенек (ешкінің жұқпалы плевропневмониясы), қойдың жұқпалы катаралді қызбасы (блютанг), скрепи, висна-маеди, аденоматоз.

Жылқының аурулары: маңқа, індетті лимфангит, тұмау, жылқының африкалық обасы, делбе, жұқпалы анемия.

Шошқаның аурулары: шошқа обасы, африка обасы, тұмау, энзоотиялық энцефаломиелит (Тешен ауруы).

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом